Түркіменстанның Балкан уәлаятында коронавирустың тарауына қарсы шектеу шаралары күшейді. Медицина қызметкерлері мұны Қазақстаннан оралған түркімен азаматтарынан COVID-19 вирусының «омикрон» штамы анықталғанымен байланыстырады.
«Бекдаш карантин аймағында Қазақстаннан оралған төрт азаматтан «омикрон» штамы анықталды», — деп хабарлады дәрігер Азаттық радиосының түркімен қызметінің тілшісіне.
Дәрігердің сөзінше, екі апта бұрын түркімен-қазақ шекарасындағы өткізу бекеті ашық болған. Қазақстанда қалған түркімен азаматтарына оралуға мүмкіндік берген. Енді вирус анықталғаннан кейін, шекараны қайта жапқан.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов елдің қауіпсіздік кеңесіне «омикрон» штамының «кіруіне» жол бермеуді тапсырған.
Енді аймақтан Ашғабадқа баратын азаматтарды COVID-19 вирусына тест тапсыруды міндеттеп жатыр. Тест тапсыру мерзімі 24 сағаттан аспауы керек, құны 101 манат тұрады. Осыған дейін 72 сағаттың ішінде тест тапсыруға рұқсат етілген.
KAZAKBOL.COM