Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз ішкі істер министрі Temirov LIVE журналистерінің ісіне қатысты пікір білдірді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков журналист-зерттеуші, Temirov LIVE youTube-арнасының негізін қалаушы Болот Теміров пен оның әріптесі, ақын Болот Назаровтың істерін түсіндірді.

Министрдің айтуынша, ішкі істер органдарына «Болот есімді азамат 2021 жылғы 25 қазаннан бері есірткі қолданады, достарын да соған үгіттеп жүр» деген арыз түскен.

Temirov LIVE редакциясының кеңсесін тінту осы арыз негізінде жүзеге асты, деп түсіндірді Ұлан Ниязбеков. Оның айтуынша, тексеру кезінде Болот Теміровтің қалтасынан гашиш шықты. Болот Назаровты ұстау кезінде одан 14 грамм гашиш табылды.

«Біз қоғамға танымал азаматтардан бұндайды күтпедік. Бірақ болар іс болды. Сараптамалар жасалды, тергеу заң аясында әділ жүргізіледі, оны жеке өзім бақылаймын», – деді ІІМ басшысы. Ол сараптама қорытындысына сүйенгенін ескертті.

Министрдің айтуынша, екі күдіктінің үстінен «есірткі заттарын заңсыз дайындау» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, Болот Теміров 22 қаңтарда кешке ұсталды. Ертесіне ақын Болот Назаровтың ұсталғаны мәлім болды. Сол күні кешке оларды үйқамаққа ауыстырды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM