Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жетим-Тоо кеніші айналасындағы даулы пікірлерге қатысты, ол жердегі кенді игеруге қарсы шыққандарды сынға алды.
Мемлекет басшысы азаматтарды «Жетим-Тоо кенішін жекеменшікке беріп жатыр деп бос сөзді айтпаңдар» деп, тиісті органдарды жалған ақпарат таратқандармен жұмыс істеуге шақырды.
Садыр Жапаровтың мәлімдемесі әлеуметтік желілерде жарияланды.
«Есіңізде болса, президент сайлауында «Егер Жетим-Тоо кенін 100 пайыз өзіміз игеретін болсақ, сыртқы қарызды толық жабатын едік», деп айтқан сөзім бар. Бірақ қазір Жетим-Тоо кенін игеріп жатқан ешкім жоқ. Бүгінгі күні де дайындық жоқ екенін, тек геолгиялық істер жүргізіп, қорын анықтауға бұйрық берілген», — деген мәлімдемеде.
Нарын облысындағы Жетим-Тоо темір кенін игеру ісі 2020 жылдың қазан айындағы халық толқуынан кейін тоқтап қалған. Кейін белсенділер «Жетим-Тоо кенін қорғау» қозғалысын құрған.
Садыр Жапаров 2020 жылы премьер-министр қызметін атқарып тұрған кезде, Жетим-Тоо кенінде кемінде 5 млрд тонна темір бар екенін, оны игеру қажет екенін жеткізген.
KAZAKBOL.COM