Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан ҰҚМК Шекара қызметінің хабарлауынша, қырғыз-тәжік шекарасында екі елдің шекарашылары атысқан.

Шекара қызметінің мәліметінше, Баткен ауданындағы Бұлақ-Башы деп аталатын жерде шекарашылар көрші елдің шекарашылары шартты шекара сызығынан өтіп кеткенін байқаған. «Қырғызстан шекарашыларының заңды талаптарына құлақ аспаған тәжік шекарашылары қырғыз жауынгерлеріне оқ атты. Екі елдің шекарашылары арасында атыс болып, тәжік жағы миномет қолданды. Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыз жағы зардап шекпеді», — деп хабарлады Қырғызстан шекара қызметі.

Мәліметке қарағанда, Қырғызстан шекара қызметінің директоры мен Тәжікстан шекара әскерінің қолбасшысы телефонмен сөйлесіп, атысты доғаруға келіскен. Алайда тәжік жағы әлі оқ атып жатыр, деп мәлімдеді қырғыз шекара қызметіндегілер.

Шекара қызметінің мәліметінше, сағат 13:00-де атыс әлі жүріп жатқан. Тәжік жағы шекарадағы атысқа қатысты әзірге мәлімет таратпады.

Бұның алдында екі ел арасындағы шекараның 972 шақырымының 664 шақырымы келісілгені хабарланған. Мәліметті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон растаған. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәжікстанмен арадағы шекара мәселесі «жақын арада» шешіледі деп мәлімдеген.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы даулы жерлерде үнемі қақтығыс болып тұрады. 2021 жылғы сәуірдегі ірі қарулы жанжал кезінде қос тараптан ондаған адам қаза болды.

Биыл сәуір айында қырғыз-тәжік шекарасында тағы бір атыс болып, бір тәжік шекарашысы оққа ұшты.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM