Қырғызстанның еңбек министрлігі «Еңбек саласындағы зомбылық пен әлімжеттікке қарсы Халықаралық ұйымдардың № 190 Конвенциясын ратификациялау жөніндегі заң жобасын» қоғамдық талқылауға шығарды.
Құжат Koomtalkuu.gov.kg сайтында жарияланды.
«Конвенция физикалық ұрып-соғу, қорқыту, әлімжеттік жасау, қауіп төндіру, балағаттау секілді мәселелерді көтереді. […] № 190 Конвенциясында еңбек саласында зорлық-зомбылық пен әлімжеттікке жол жоқ екені айтылады. Бұл конценцияны қабылдау арқылы жұмысшылардың, әсіресе әйелдердің құқығын қорғау қамтамасыз етіледі», — делінген құжатта.
Конвенция сонымен бірге қазіргі заманда, әсіресе пандемиядан кейін тек физикалық еңбек орнымен шектеліп қалмайтынын көрсеткенін, бұл заң жобасының интернетпен және басқа да технологиялар арқылы қолданатын жұмысқа да қатысы бары айтылған.
2019 жылы Халықаралық еңбек ұйымы жұмыстағы зорлық-зомбылыққа және әлімжеттікке қарсы Конвенцияны қабылдаған.
KAZAKBOL.COM