Бұл жөнінде Жогорку Кеңеште сыртқы істер министрлігіне Жээнбек Кулубаевтың кандидатурасын қарау кезінде айтылды. Парламент депутаттары оның министр болуын қолдап дауыс берді.
«Қырғыз мигранттарына амнистия беру мәселесіне келетін болсақ, Ресей соңғы рет 2019 жылы рақымшылық жасады. Жақында ғана Ресейге барған делегация осы мәселені тағы көтердік. Қырғыз президенті Садыр Жапаров та Владимир Путинге өтініш жасады. Бұл мәселе қарастырылып жатыр», — деді ол.
Таяуда Жогорку Кеңештің төрағасы Талант Мамытов Алматыда Ресей федерациясы кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесу кезінде биыл «миграциялық амнистия» жасау мәселесін сұраған.
Ол бұл мәселе Ресей үкіметіне қарауға жіберілгенін, оң шешіледі деген сенімде екенін айтқан.
Ресми мәлімет бойынша, 1 млн 118 мың қырғыз азаматы шетелде жұмыс істейді. 2022 жылдың ақпан айындағы мәлімет бойынша, 76 мың қырғызстандыққа Ресейге кіруге тыйым салынған. Бірақ «қара тізім» саны одан да көп болуы мүмкін дейді мамандар.
KAZAKBOL.COM