Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан: жемқорлық туралы хабарлаған офицерді әріптестері сотқа берді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанда Мемлекеттік шекара қызметінің подполковнигі Талғат Алановты оның бес әріптесі сотқа беріп, 500 мың сом (7 мың доллар) талап етті.

Талғат Аянов өткен жылы 27 қарашада Ош қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп, шекарадағы жемқорлық туралы мәлімдеген. Одан соң Ош қаласының әскери прокуратурасы тексеру жүргізе бастаған. Әзірге тексеру нәтижесі шыққан жоқ. Бірақ Талғат Аланов қудалауға ұшырағанын мәлімдеп отыр.

Брифингте ол «Достук», «Иркештам» және «Сары-Таш» шекара бекеттерінде жемқорлық жайлағанын айтқан. Алановтың мәлімдеуінше, басшылық шекарада жұмыс істейтін қызметкерлерден ақша талап етіп отырған, қызмет «сатумен» айналысқан. Соның салдарынан қарапайым қызметкерлер зардап шегеді деді ол.

21 қаңтарда шекарадағы тексеру-өткізу бекетінің бес қызметкері Алановтың үстінен сотқа шағым түсіргені мәлім болды.

«Менің ғана емес, басқарып отырған мекемедегі қызметкерлеріне жала жабылды. Сот арызды қабылдады. Демалыста жүрген Талғат Алановтың басшылыққа шағымданбай, бірден баспасөз мәслихатын өткізгені дұрыс болмады. Сол себепті біз сотқа шағымдандық», — деді Ош облысы шекара қызметі басқармасының басшысы Илгиз Талипов.

Аланов болса қысым күшейгенін айтып отыр.

«Телефонмен қорқытады. Көзімді жоямыз дейді. Осындай қорқыту-үркітулер толастар емес. Есіктің алдына хат тастап кетіпті. Енді олар менің отбасымды бұзғысы келеді», — деді Аланов.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM