Военно-Антоновка ауылындағы Балалар үйіндегі жасөспірімнің өлімін мекемеаралық комиссия тексеріп жатыр. Бұл туралы 13 маусымда президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мекеме мәліметіне қарағанда, комиссия құрамында президент әкімшілігінен, Жогорку Кеңештен, ішкі істер, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктерінен өкілдер кірген. Істі балалар құқықтары бойынша арнайы өкіл Жыпариса Рысбекова бақылауға алған.
Сокулук аудандық ішкі істер басқармасы биыл 1 маусымда 6-сынып оқушысы Игорь Якуниннің өлімі жайында хабарлаған. Ол асылған күйі табылған. Баланы Құрама Штаттардағы отбасы асырап алмақ болған. Олар жалдаған адвокат бала өлімін жіті тексеру үшін аудандық прокуратураға арызданған. Отбасының айтуынша, баланың денсаулығында проблема болған емес.
13 маусымда өлкенің омбудсмені Токон Мамытов 12 жастағы баланың өлімі бойынша іс тергеліп біткенше, балалар үйінің директоры қызметінен шеттетілуі тиіс деді.
Шудың Военно-Антоновка ауылындағы Балалар үйінде жетім және қараусыз қалған балалар тәрбиеленеді.
KAZAKBOL.COM