Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда Чечме ауылының тұрғындары бұлақты Өзбекстанға беруге қарсы шықты

KAZAKBOL.COM

15 қарашада Қырғызстандағы Қадамжай ауданына қарасты Чечме ауылының тұрғындары қырғыз-өзбек шекарасына жақын маңдағы бұлақ басына жиналды.

Олар Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы келісім бойынша Чечме бұлағы Өзбекстанға өтеді деген мәліметке наразы екенін айтты.

Жиналғандар бұлақтың көрше елге берілуіне қарсы шықты. Наразылық акциясына қатысушы, жергілікті кенеш төрағасы Садық Саламовтың Азаттыққа хабарлауынша, бұлақ орналасқан аймақ даулы жерге жатпайды.

«Бұл біздің жер. Көрші Өзбекстанның халқы да суды тұтынады, біз ешқашан су ақысын сұрамадық. Жогорку Кенеш депутаттары өз мүддесін ғана ойламасын, ертең халық алдында жауап беруге тура келетінін естен шығармасын. Біз оларды жер саудасымен айналысу үшін емес, еліміздің тұтастығын қорғау үшін сайладық. Мына жер, су, зираттар біздің ата-бабамыздан қалған. Оның бәрі құжатқа түскен, мемлекеттік акт толтырылған», — дейді Саламов.

Тұрғындар президент Садыр Жапаровтан, ҰҚМК төрағасы Қамчыбек Тәшиевтен, Жогорку Кенеш депутаттарынан дұрыс шешім қабылдауды сұрады.

3 қарашада Бішкекте Қырғызстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлері қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасындағы жекелеген жерлер туралы келісім-шартқа және Кемпірабад су қоймасының су ресурсын бірлесіп басқару туралы келісімге қол қойды.

12 қарашада құжатты Жогорку Кенеш ратификациялағаны мәлім болды.

14 қарашада Өзбекстан парламентінің заң шығару палатасы қырғыз-өзбек шекарасына қатысты заң жобасын ратификациялады. Парламент депутаттарының осы құжат талқыланған жиналысында Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов Сох ауданына қатысты жеке келісім барын, ал Чашма (Чечме) бұлағын қолдануды реттеуге қатысты жеке келісімге қол қойылатынын хабарлады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM