Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда Токмок әкімі қамауға алынды

KAZAKBOL.COM

Бішкектің Октябрь аудандық соты жемқорлыққа байланысты ұсталған Токмок әкімі Урматбек Самаевты тергеу аяқталғанға дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Бұл жөнінде Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады.

Оны қамауға алуды арнайы қызметтің тергеушілері өтінген.

Сот шешіміне сәйкес, Урматбек Самаев 1 маусымға дейін арнайы қызметтің тергеу абақтысында отырады.

Әкім «Токмок жылу» муниципалдық кәсіпорындағы жемқорлыққа байланысты 17 сәуірде ұсталған.

Тергеу кезінде Токмок қаласында бірқатар үйлер «Токмок жылу» кәсіпорнының орталық жылу қазандығына заңсыз қосылғаны анықталған. Одан мемлекетке 130 миллион сом шығын келгені анықталған.

Самаев бұл оқиғалар ол қызметке келмей тұрғанда 2016-2018 жылдары болғанын айтып, сол кезде істеген шенеуніктер жауап беруі тиіс екенін білдірді.

Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Урматбек Самаев Токмок қаласының әкімі болып 2021 жылдың тамыз айында сайланды. Оған дейін президент Садыр Жапаровтың жанында жүрген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM