Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан WeChat қытай мессенджерінің жұмысын шектеді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның информатизация және телекоммуникация баласын бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы WeChat мессенджерінің жұмысын шектеді.

Бұның алдында инспекция Twitter, TikTok және «ВКонтакте» желілерінің жұмысына шектеу енгізген. Елде Skype мессенджері де жұмыс істемей тұр.

Ол кезде мессенджерлер жұмысы азаматтардың «жеке мәліметтерін сұрыптау жөніндегі заң ережелерін бұзғаны» үшін шектелді делінген. Бірақ мемлекеттік инспекция таратқан мәліметте WeChat туралы ештеңе айтылмаған. Мекеме таратқан мәліметте шектеулер «анықталған кемшіліктер дұрысталған соң» алынатыны хабарланды.

Еске салайық, жақында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев TikTok қолданушыларды қолбасшы Әмір Темір мен ақын Әлішер Навоидің тарихи ескерткіштеріне тіл тигізді деп сынаған.

Шілденің басында Наманган облысының басшысы Шавкатжон Абдуразаков жастардың көбірек кітап пен газет оқуы үшін әлеуметтік желілерді бір айға өшіруді ұсынған. Оған жауап берген депутат Расул Кушербаев «ақпарат заманында әлеуметтік желілерді шектеу ақылға қонымсыз шешім» деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM