Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда 200-ге жуық жолаушыға Мәскеу мен Санкт-Петербургке жалған билет сатылған

KAZAKBOL.COM

Навои қаласының әуежайында жанжал болды: жолаушыларға ресейлік IFly әуе компаниясының жоқ рейстеріне билет сатылған. Ұшақтар Мәскеу мен Санкт-Петербургке ұшады делінген.

Uzbekistan Airports’тың хабарлауынша, жолаушылар әуежайға дүйсенбі күні түстен кейін жинала бастаған. Сағат 18.00-ге таман мұнда 200-ге жуық адам жиналған, алайда олар күткен рейс кестеде жоқ болып шыққан.

«Жолаушылардың айтуынша, олар билеттерді «Шығыс Бұхара» компаниясының Самарқанд, Бұхара және Үргеніштегі филиалдарынан сатып алған», – деп хабарлады Uzbekistan Airports.

Әуежай қызметкерлері билет сатқан әуе компаниясына хабарласып, жолаушыларға жағдайды түсіндіруін талап еткен.

Компания билет ақысын жолаушыларға қайтаруға уәде берген.

Uzbekistan Airports жолаушыларды алдауға, әуе билеттерін сатуға қатыспағанын мәлімдеді.

Бұның алдында да Үргеніш әуежайында жоқ рейске билет сатылған еді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM