Өзбекстанда мемлекеттік билік органдары мен басқармаларында ашық іс жүргізу саясатын ұстанбаған лауазым иелеріне 140 доллар көлемінде айыппұл салынады.
Әділет министрлігінің «Құқық ақпараты» telegram-арнасының хабарлауынша, мұндай ережеге 3 тамызда ел президенті қол қойған. Жаңа тәртіп Өзбекстанның әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне енген.
Тәртіп бұзған шенеуніктерге 900 мың сумнан 1,5 млн сумға ($82-$140) дейінгі аралықта айыппұл салынуы мүмкін.
Құжатқа сәйкес, лауазым иесі ашық іс жүргізу саясатын ұстанбағаны дәлелденсе, Жемқорлықпен күрес агенттігінің өкілдері оның үстінен әкімшілік заң бұзушылық туралы хаттама толтырады.
KAZAKBOL.COM