Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда бес адам неміс кәсіпкерін өлтіргені үшін сотталды

KAZAKBOL.COM

Германияның 47 жастағы азаматы Абдулвахаб Каюмиді өлтіруге қатысы бар бес адам сотталды. Ауған тумасы Самарқанд облысы Жамбай аданында кәсіппен айналысқан.

Sevimli телеарнасының хабарлауынша, марқұмның жесірі Незахат Каюуми сотқа қатысу үшін Германиядан келді. Ол Өзбекстан күйеуінің екінші отанына айналғанын айтты. Ол әйелін осы елге көшуге үгіттеген. «Кәсіппен айналыса бастағалы бері Германияға көп келмейтін болды», — дейді ол.

Телеарна мәліметінше, ауданның бес тұрғыны Каюми жалға алған үйге маскамен кірген. Олар үйдегі жарықты, бақылау камерасын сөндіріп, неміс азаматына шабуылдаған. Айыпталушылар ағашпен, темірмен кәсіпкерді сабаған, оның аяқ-қолын сындырған. Жәбірленуші ауруханада жан тапсырды.

Таксиші болып істейтін айыпталушылардың бірі кәсіпкердің үйінен аудан жастарын улаған есірткіні ұрлағымыз келді деп ақталуға тырысқан.

Енді бір айыпталушы неміс азаматының үйіне электр желісін жөндеу үшін шақырылған. Сол кезде ол кәсіпкердің ақшасы бар екенін байқаған, ұрлық жасау үшін тағы төрт адам шақырған. Алайда олар үйден ақша таппаған.

Жамбай ауданының соты қылмыстық топ басшысын 19 жылға, оның үш сыбайласын 16−18 жылға соттады. Қылмыскерлерді кәсіпкер үйіне дейін жеткізген таксиші 13 жыл түрмеде отырады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM