Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Құқық қорғаушылар Макронға хат жазды: Рахмон белсенділерді қудалауды доғарсын

KAZAKBOL.COM

«Хьюман Райтс Вотч» пен «Шекарасыз тілшілер» тәжік президенті Рахмонның Парижге сапары қарсаңында Франция президенті Макронға хат жазды. Халықарадық ұйымдар Макроннан «тәжік түрмелеріндегі кісі өліміне, сөз бостандығының шектелуіне, азаптауға, белсенділердің қудалануына» назар аударуын сұрады.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 7 қарашада кешке Парижге келді. Француз кәсіпкерлерінің MEDEF ұйымы оның құрметіне кешкі ас ұйымдастырды. 8 қарашада ол Франция президенті Эмманюэль Макронмен таңғы ас ішеді. Бұл туралы мәлімет француз патронаты ұйымының сайтында жарияланды. 12 қарашада Эмомали Рахмон Бейбіт форумға қатысады. Тәжік оппозициясының жақтастары Рахмонның Францияға ресми сапарына орай наразылық акцияларын дайындап жатыр.

Рахмонның Парижге сапары қарсаңында «Хьюман Райтс Вотч» ұйымы Макронға хат жазды. Халықаралық ұйым тәжік әріптесінен адвокат Бузургмехр Ёров пен басқа да саяси тұтқындарды босатуын талап етуді француз президентінен сұраған.

«Шекарасыз тілшілер» ұйымы Еуропа одағы елдерінің басшыларынан тәжік президенті Эмомали Рахмонмен Тәжікстандағы сөз бостандығының жағдайын талқылауын талап етті. 2016 жылдан бері кем дегенде 20 журналист пен блогер Тәжікстаннан кетуге мәжбүр болды делінген «Шекарасыз тілшілер» жазған хатта.

Ұйым әлемде сөз еркіндігінің бұзылуы жөніндегі жыл сайынғы есебінде (2019 World Press Freedom Index) Тәжікстанды 161-орынға қойды. 2018 жылы республика ұйым рейтингінде 12 саты төмендеген.

https://www.centralasian.org/a/30259679.html

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM