Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Құқық қорғаушылар: Тәжікстанда жастарды әскерге «ұстап әкету» тыйылмай тұр (видео)

KAZAKBOL.COM

Тәжік құқық қорғаушылардың айтуынша, күзгі науқан 30 қарашада ресми түрде аяқталғанына қарамастан, елдің түрлі аймақтарында жастарды әскерге «ұстап әкеткені» туралы мәліметтер түсіп жатыр.

«Жастарды әуежайларда ұстап, әскери комиссариатқа мәжбүрлеп алып барған. Біз комиссариат әрекетіне шағымдануды көздеп отырмыз», — дейді «Азаматтар еркіндігі кеңсесі» қоғамдық ұйымының жетекшісі Дилрабо Самадова.

Тәжікстанда азаматтарды әскерге шақыру күзгі науқаны 30 қарашада аяқталды. Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, күзгі науқан аяқталған соң елде көктемгі науқанға дайындық басталып кетті.

Дилрабо Самадованың пікірінше, 30 қарашадан соң жастарды әскерге шақыру Тәжікстан президентінің жарлығын бұзады. «Шындығын айтсақ, әскери комиссариаттардың кейбір жұмысшылары қызмет бабын асыра пайдаланып, ақша жасауды көздейді. Бұған жол жоқ. Әскерге шақыру мерзімі созылған жоқ», — дейді қоғамдық ұйым жетекшісі.

Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадалиев жастарды әскерге шақыру енді жаңа заңмен реттелетінін алға тартты. «Әскери қызмет және оған шақыру туралы» жаңа заңға сәйкес, әскерге жарамды азаматтарды комиссариаттарға шақырту жыл бойы жүре береді. Әскери комиссаратқа қаңтарда шақырту алған азамат сол айда әскерге аттанады деген сөз емес, ол бар болғаны сол жерде тіркеледі», — дейді Махмадалиев.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM