Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қаңтар оқиғасы: «жаппай тәртіпсіздік» бабымен 58, «терроризм актісі» бойынша 8 қылмыстық іс қаралып жатыр

KAZAKBOL.COM

Қаңтар оқиғасына байланысты арнайы прокурорлар «жаппай тәртіпсіздік» бойынша 58, «терроризм актісі» бойынша 8 қылмыстық істі қарап жатыр.

Осылай деп бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Қызылорда облысында әскери қызметкердің өлімінен соң, «Терроризм актісі» бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек Шымкентте 35 күдіктінің ісі сотқа өтіп, бәрі әртүрлі жазаға тартылған. Прокуратура өкілі оларға қайсы баптар бойынша айып тағылғанын және жаза мерзімі қандай екенін нақты айтпады.

«Жазаны жеңілдетуге болмайтын жағдайда, прокурорлар соттан бас бостандығынан айырмайтын жазалар беруді сұрап жатыр. Бұдан бөлек процессуалдық келісу институты да кеңінен қолданылып жатыр», – деді Қилымжанов.

Оның айтуынша, Қызылорда облысында кінәлерін мойнына алу туралы процессуалдық келісіммен 42 күдіктінің ісі сотқа берілген. Осындай іспен Алматы облысында 15, Жамбыл облысында сегіз, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында үштен кісінің ісі сотқа берілген.

Қилымжанов 55 адамға қатысты бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тартылғанын атап өтті.

Бүгінгі күнге дейін қаңтар оқиғасына байланысты 392 қылмыстық іс сотқа беріліп, 445 адам сотталған.

«Олардың ішінде билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсетті, мүліктерін талқылау сияқты ауыр қылмыс жасады деген 46 адам абақтыға қамалды. Қаңтар оқиғасы бойынша жалпы мыңнан астам адам күдікті ұсталған. Бүгінгі күнде 514 адам қамауда отыр. 284 адам кепілдікпен тергеу абақтысынан шығарылған», – деді Қилымжанов.

29 маусымда Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам қайтыс болып, тағы алты адам ұсталғаннан кейін азаптаудан көз жұмғанын мәлімдеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM