Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қарақалпақстандағы рейдтер: 132 адам ұсталып, 89 мың үй тексерілді

KAZAKBOL.COM

Қарақалпақстанда кейінгі бірнеше апта бойы рейдтер ұйымдастырылды. Тексерулер барысында іздеудегі 132 адам ұсталып, тергеу органдарына тапсырылды.

Бұл туралы ӨзА ақпарат агенттігі Қарақалпақстан ішкі істер министрі Батияр Төребековке сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Тазалау-антитеррор» деп аталатын рейд барысында Қырғызстанда 18 200 нысан мен 89 мың үй тексерілген. Оған қоғамдық белсенділер де қатысқан.

Бұған қоса, түсіндіру жұмысынан соң жергілікті тұрғындар 344 дана аңшы мылтығы мен 170 оқдәріні құқық қорғау органдарына өз еркімен тапсырған. Із-түссіз жоғалды деп есептелген 12 адам үйге қайтарылған.

57 мыңнан астам заң бұзушылық анықталып, кінәлілер жауапқа тартылды, деп хабарлады агенттік.

Қарақалпақстандағы рейдтер Нүкістегі қанды оқиғаларға шамамен алты ай өткен соң ұйымдастырылып отыр. 2022 жылғы 1-2 шілдеде жергілікті тұрғындар Өзбекстан Конституциясына өзгеріс енгізуге қарсы наразылыққа шыққан. Ата заңның жаңа жобасында Қарақалпақстан егемендігі мәртебесі мен республика құрамынан өз еркімен шығу құқығын алып тастау қарастырылған.

Өзбек билігінің мәліметінше, Нүкістегі наразылық барысында 21 адам қаза тауып, 243 адам жараланды. 500 адам ұсталды.

Қарақалпақстанда жақындағы рейдтерде ұсталған 132 адамның Нүкіс оқиғасына қатысы бар-жоғын Өзбекстан билігі әзірге хабарлаған жоқ.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM