Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ҚАРДА ЖҮРЕТІН КӨЛІК ОЙЛАП ТАПТЫ


Ақтөбелік өнертапқыштар ерекше көлік құрастырып шықты. Техниканы көргендер аузының суы құрып, мақтап та жүр. Ол қандай көлік? Құны қанша? Сатып алуға бола ма? Ел мақтаған автомашинаны біздің тілшілеріміз де алғашқылардың бірі болып көріп қайтқан еді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Мінеки, елді аузына қаратқан көлік — осы. Өнертапқыштар оның көзөге оғаш көрінетін сыртына назар аудармауымызды сұрады. Өйткені, бұл тек бақылаудан өткізу үшін жасалған нұсқасы. Мұның бәрі Бектұрған Ідірісовтің идеясы екен. Кәсіпкер еріккенің ермегі емес, қажеттіліктен осындай көлік құрастырғанын айтты. БЕКТҰРҒАН ІДІРІСОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Ауыл шаруашылығында болғаннан кейін сол қатынауға жүз ойланып, мың толғанып, не істеуге болады деп… Снегоходта сыртта, далада отырасың. Ал мынада машинаның ішінде, жылы жерде отырасың ғой. Далада қалып қойған адамдар болып жатса да алып шығуға не болады. Әлі мықты қызығын көріп жатырмыз да, енді ойымыз бар, осылай ең болмаса, менен де асып кеткен инженерлер болар». Қожалық басшысына аудан орталығынан 30 шақырым жердегі қожалыққа жету қиямет-қайым болған. Боранды күндері тіпті арнайы техниканың өзі жете алмай жолда қалыпты. Техникадан хабары барлар «Жигулидің» кузовын бірден таныған болар. Ал ерекшелігі оның доғалақтарында. Яғни, артқы екеуінің орнына шынжыр табан салған. Алдыңғы екі доғалақтың рөлін мынадай шаңғы атқарып тұр. ЮРИЙ ГЕГЕЛЬМАН, МЕХАНИК: «Интересно когда придумываешь что-то. АУДАРМА: «Бірдеңе ойлап тауып, ол кәдеге асып жатса-әрине қуанасың. Таңдау неге «Жигулиге түсті» деп сұрадыңыз ғой. Менің жасым — 56-да, басшымыз менен үлкен, сондықтан, біз секілді егде жастағыларға қарда жүретін көлікке отыру — қиындау. Ал мынау мамық қарда жақсы жүріп тұр. Әлі жетілдіру керек». Қарда жүретін жеңіл көлікке кәсіпкер аса шығындалмағанын айтты. Ауласында бос тұрған ескі «Жигулиді» көршісі берген. Ал артқы екі шынжыр табанның әрқайсысын 300 мың теңгеге сатып алыпты. Ал қалың қарда жүретін техниканы саудаласаң, оның құны әлдеқайда қымбат екен. Шамамен 5-6 млн теңге тұрады дейді. Алғалық өнертапқыштар осылайша бір апта ішінде ескі «Жигулиді» қарда жүретін көлікке айналдырып алды. Қазір соңғы тетіктерін сынақтан өткізіп жатыр.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM