Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирінде Солтүстік Ирландияны жеңді

KAZAKBOL.COM

Қазақстан құрамасы Белфаст қаласында өткен матчта Солтүстік Ирландияны 1 : 0 есебімен жеңді.

Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында өткен ойындағы жалғыз гол матчтың негізгі уақыты түгесілуге бір минут қалғанда соғылды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов алаң ортасында доп алып, қарсыластың қорғанысын жалғыз бұзып өту арқылы қақпаға гол соқты. Жалғыз голдың арқасында Қазақстан құрамасы сырт алаңда үш ұпайға ие болды.

Белфаст қаласындағы жеңістен соң Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу турнирінде жинаған ұпайы тоғызға жетті. Бұның алдында Қазақстан сырт алаңда Сан-Мариноны (3 : 0), өз алаңында Данияны (3 : 2) жеңген.

Қазақстан құрамасы турнир кестесінде бірінші орынды Финляндиямен бөлісіп тұр. Топ фавориті саналатын Дания жеті ұпаймен әзірге үшінші орында келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM