Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан ЕО елдері азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялайтын ұшақтарға жанармай құю үшін қонуға рұқсат берді

KAZAKBOL.COM

Қазақстан Еуропа одағы елдерінің азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялайтын ұшақтарға жанармай құю үшін қонуға рұқсат берді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағы президенті Шарль Мишельмен телефонмен сөйлескенде осылай деп хабарлады.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқаев Шарль Мишельге «Қазақстанның ауған мәселесіне қатысты ұстанымын» айтқан. Мәселен, Қазақстан президенті БҰҰ-ның Ауғанстандағы кеңсесін Алматыға уақытша көшіруге рұқсат бергенін хабарлады. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстандағы ауған студенттеріне көмек беріліп жатыр.

«Мемлекет басшысы ауған мәселесіне қатысты, соның ішінде Ауғанстанда да Қазақстан мен Еуропалық Кеңес тығыз қарым-қатынас орната алады деп есептейді. Қазақстан Еуропалық Одақ елдерінің азаматтарын эвакуациялаған ұшақтарға өз әуежайларында жанар-жағар май құюға мүмкіндік жасағаны туралы айтылды» делінген хабарламада.

Жүздеген ауған көршілес Тәжікстан мен Өзбекстанға қашуға мәжбүр болды. Тәліптердің Ауғанстандағы билікті басып алуы мен босқындардың көбеюі аймақ елдерін алаңдатып отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM