Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа өтті

KAZAKBOL.COM

Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа өткенін Қоғам денсаулығы ұлттық орталығының 30 наурызда таратқан мәліметінен байқауға болады.

Соңғы мәлімет бойынша, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстары «сары» аймақта. Республиканың қалған өңірлері «жасыл» аймақта. Жалпы алғанда, республика коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа кірді деуге болады.

Өңірлерді жұқпалы аурудың таралу көрсеткіші бойынша аймақтарға бөлу тәртібі бар. 100 мың тұрғынның 50-ден астамы вирус жұқтырса, бұл өңірді «қызыл» аймаққа жатқызады.

Наурыздың ортасынан бері республикада күнде мыңнан астам адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталып отыр. Бірнеше күннен бері бұл көрсеткіш бір жарым мыңнан түспей тұр.

Ресми мәлімет бойынша, коронавирус пандемиясы басталғалы бері Қазақстанда 243 318 адам вирус жұқтырған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір жылда коронавирустан 3 029 адам қайтыс болды.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Бірақ оған дейін қанша адамның коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққаны белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі оларды пневмонияның жалпы түрінен ажырату қиын болғанын айтқан.

Содан бері 50 443 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 684 адам қайтыс болған.

Қазір 24 180 адам коронавирустан емделіп жатыр. 364 науқастың жағдайы – ауыр, 76 пациенттің хәлі – өте ауыр, 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, індет басталғалы бері әлемде 127 млн 581 мың адамға коронавирус жұққан. 2 млн 791 мың адам қайтыс болған. 72 млн адам жазылған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM