17-24 қараша аралығында Өзбекстанның «Термез» полигон аймағында қазақ және өзбек әскерилерінің қатысуымен әскери жаттығу өтеді. Бұл жөнінде Қазақстанның қорғаныс министрлігі хабарлады.
Әскери жаттығудың мақсаты – бірлескен тапсырманы орындау кезінде екі елдің қарулы күштерінің жоғары деңгейде өзара әрекет етуі.
Қазақстан тарабынан 100-ден астам сарбаз қатысады. Сонымен бірге көп функционалдық Су-30СМ техникасы мен С-295 әскери-көлік ұшағы және ұшқышсыз ұшатын аппаратты жаттығу кезінде қолданбақ.
Осының алдында Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында өзбек әскерлерінің қатысумен бірлескен «Щит-2021» жаттығуы өткен.
KAZAKBOL.COM