Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан мен Тәжікстанда рубль бағамы түсіп жатыр (видео)

KAZAKBOL.COM

Қазақстан мен Тәжікстанда рубль бағамы түсіп жатыр. Бұл көрініс Ресейдің өзінде де байқалады.

Сарапшылар мұны Ресейде мұнай экспортының бірден қысқаруынан деп түсіндіреді. Ресей экономикасы батыс санкцияларының салдарын енді сезініп жатыр.

Қазақстанда бір рубль 9 теңгеге дейін жеткен кез болды. Қазір 6.4 теңгеге түсті. Рубльдің құлдырауы Қазақстан экономикасы үшін тиімді. Сарапшылардың пікірінше, рубльдің қымбаттауынан елде инфляция күрт өскен.

«Рубль бағамы тым өсіп кетті. Соның салдарынан Ресейден келетін тауар да тым қымбатқа келіп жатыр. Рубльдің түсуі ел экономикасы үшін жақсы. Бұдан әрі өспейді деп болжаймыз. Егер рубль тағы түссе, келесі жылы жақсы көрсеткіштерді көруге болады», — дейді Арман Бейсембаев.

Тәжікстанда ресми мәлімет бойынша, халықтың 75 пайызы Ресей мигранттары жіберетін ақшамен өмір сүреді. Рубльдің түсуі олар үшін тиімсіз.

Ресейге батыс елдері тарапынан салынып жатқан санкциялар күшейе берсе, рубль бағамы одан әрі түсуі мүмкін.

Ресей бұдан шығу үшін Қазақстан мен Өзбекстанмен бірлесіп газ одағын құрып, шикізатын шетке шығарудың жолын іздеп жатыр. Астана мұндай одақтан бас тартты. Ташкент те ниеті жоғын жеткізген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM