Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан мобилизациядан қашқан орыс майорын Ресейге экстрадициялады (видео)

KAZAKBOL.COM

Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға қашқан Федералды күзет қызметінің (ФКҚ) майоры Михаил Жилин отанына экстрадицияланды.

Жилиннің әйелі Азаттыққа күйеуін Астанадан Семейге алып кеткенін хабарлады. «Бір жарым сағат бұрын маған звондап, Семейде екенін, әрі қарай шекарадан [Ресейге] өткізіп жібермек деп айтты», – деді ол.

Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис Жилинді расында депортациялайтынын айтты. Құқық қорғаушы Қазақстан Ресейдің «қысымынан» оны қайтарып жатқанын жеткізді.

«Босқын мәртебесін анықтап алмайынша, адамды депортациялауға болмайды. Ол бірінші және екінші сотта депортациялау бойынша жеңілді. Ал босқын мәртебесін алу бойынша тек бірінші сот өтті. Екінші сот өтуі тиіс еді. Енді Жилин БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетке шағымдана алады. Қазақстан қазір Босқындар мәртебесі жөніндегі Конвенцияны бұзып отыр», — деді Жовтис.

12 желтоқсанда Астана соты Михаил Жилинді 40 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарған. Жилиннің әйелінің айтуынша, сот шешімді онлайн режимде, бақылаушылардың қатысуынсыз қабылдаған.

Желтоқсан айының басында Жилин Астана арқылы Арменияға ұшып кетпек болған жерінен ұсталды.

Михаил Жилин Ресейде президент Владимир Путиннің үкіметпен байланысы үшін жауап берген, мемлекеттік құпияға рұқсаты болған. Сол себептен оған елден шығуына тыйым салынған.

Ресей Украинаға шабуыл жасағаннан кейін, оның қызметінен кету жөніндегі өтінішін билік қабылдамаған. Мобилизация жарияланғаннан кейін, ол Қазақстанға қашып келген. Шекарашылар тарапынан ұсталып, бірақ кейін босатылған. Ол отбасымен біраз уақыт Семейде тұрып, сол жерден саяси босқын мәртебесін сұраған. Бірақ сот бас тартқан.

Қазір Қазақстанда мобилизациядан қашқан кемінде жүз мың босқын бар. Олар отанына қайтуды ойлай ма?

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM