Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан СІМ «Ирак түрмесінде аштық жариялаған қазақстандық әйелдер» туралы ақпаратқа түсініктеме берді

KAZAKBOL.COM

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ирак түрмесінде қазақстандық алты әйел терроризм бойынша айыпталып, өмірлік түрме жазасын өтеп жатқаны туралы ақпаратты растады.

Бұған дейін әйелдер түрмедегі жаппай аштық акциясына қосылғаны және өздерін сол елден экстрадициялауды талап еткені хабарланған.

2 мамыр күні Азаттық тілшісінің осы жөнінде сұрағына Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров былай деп жауап берді.

– Жалпы, наразылық білдірушілер әділетсіз үкімдерге, терроризм бойынша негізсіз айыптауларға және түрмедегі нашар жағдайға шағымданады. Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінің бастамасымен 2023 жылы 26 сәуірде «Русафа» түрмесінің судьясы және прокурордың орынбасары Хамид Хусейн Иманмен, сонымен қатар ЮНИСЕФ-тің Ирак кеңсесінің балаларды қорғау жөніндегі маманы Әл Шехри Мұхаммедпен кездесулер өтті. Қазақстан азаматтарының құқықтарын сақтау бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік. Егер Ирак билігі рақымшылық акциясын қабылдайтын болса, біз онда жұмысты жалғастыра береміз, – деді Смадияров.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ирак түрмесінде отырған «алты қазақстандық әйел» аштық жариялап, көмек сұрағаны туралы видео тараған. Бірақ онда әйелдердің бет-жүзі көрінбейді. Тек кадр сыртындағы дауыс әйелдердің аштық жариялап жатқанына бес күн болғанын айтып, олардың денсаулығы нашарлап жатқанын баяндайды. Кей ақпаратқа қарағанда, олардың аштық жариялағанына 2 мамырда тоғыз күн болған.

Қазақстан билігі 2019 жылы Ирактан 14 қазақстандық бала эвакуацияланғанын хабарлаған. Сол кезде олардың аналары Ирак түрмесінде «терроризм» бабы бойынша жазасын өтеп жатқаны айтылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті былтыр ақпанда Азаттыққа жіберген жазбаша жауабында «қазір Сирия мен Ирактағы қарулы топтар қатарында 25 қазақстандық ер адам, 20 шақты әйел мен балалар болуы мүмкін. 20-ға жуық азамат Сирия демократиялық күштерінің лагерьлері мен Ирак түрмесінде отыр» деп жазған.

Бағдаттың «Русафа» түрмесіндегі әйелдердің аштық акциясы жөнінде Азаттық бұған дейін де жазған. Кавказ.Реалии жобасы сайтының жазуынша, барлығы 50-ден астам әйел аштық жариялаған. Олардың арасында Ресей, Әзербайжан, Түркия, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары бар деп айтылады.

Акцияға қатысушылар өздері негізсіз айыпталғанын, адвокатсыз және аудармашысыз сотталғанын айтады. Олар сонымен бірге түрмеде кездесуге рұқсат етілмейтінін, дәрі-дәрмек, медициналық көмек жоғын айтқан. Тұтқындардың көбі бұрын Ирак билігіне және өз елдерінің Ирактағы өкілдіктеріне қайырылып, көмек сұрағанымен, нәтиже болмаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM