Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда «үндістандық штамға» байланысты шектеу шаралары күшеюі мүмкін

KAZAKBOL.COM

22 маусым күні премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда «үндістандық штамға» ұқсайтын вирус мутациясының «анықталуына» байланысты Нұр-Сұлтанда санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды күшейтуді тапсырды.

Ол сонымен бірге көрші елдерде індет өршіп тұрғанын алға тартып, мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту қажеттігін де айтты.

Бір күн бұрын Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде тез тарайтын «үндістандық штамға ұқсайтын вирус мутациясы анықталды» деп мәлімдеген. Зерттеудің түпкілікті қорытындысы әлі жарияланбады.

Сейсенбі күнгі үкімет отырысы кезінде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан мен өзге аймақтарда шектеу шараларын күшейту мәселесін қарастырады деп мәлімдеді. «Барлық облыс әкімдері, мемлекеттік органдар жағдайды бақылауда ұстауы тиіс» деді Ералы Тоғжанов.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аймақтағы медициналық мекемелер дайындықты күшейтуі тиіс, вакциналау науқанын да жылдамдату қажет деді. Оның айтуынша, үндістандық штамның тез жұғатын, ауыр өтетінін ескерсек, аймақтар өздерін қажетті дәрі-дәрмек қоры және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуі тиіс, мобильдік топтардың дайындығын пысықтап алған абзал.

«Республика аумағында үндістандық штамның айналымы барын ескерсек, эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұру үшін жергілікті атқару органдары вакциналау науқанын күшейтіп, халық арасында вакцина мен профилактиканың маңызы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі тиіс» деді Цой.

Министрлік мәліметінше, қазір вирустың R коэффициенті (вирустың бір адамнан екінші адамға жұғу көрсеткіші) – 1-ге тең. Республика бойынша инфекциялық орындардың – 25 пайызы, реанимациялық бөлімдердің 21 пайызы бос емес.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда бір күнде 944 адамнан коронавирус пен «пневмония» анықталған, 13 адам қайтыс болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM