Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда тағы 500-ден астам адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 9 адам қайтыс болды


Қазақстанда тағы 571 адамның коронавирус тесті оң шықты. 4 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Коронавирус пневмониясы — бұл ПТР тестпен емес, клиникалық белгілері бойынша Covid диагнозы қойылатын пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрі.

7 наурыз күнгі мәлімет бойынша, 9 адам өлімі тіркелген: 7 адам — коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

ПТР тесті оң шыққан науқастардың тәуліктік көрсеткіші бойынша бірінші орында Алматы қаласы тұр. Дүйсенбі күні мұнда 118 науқас анықталған. Ақмола облысында — 73, Павлодар облысында — 63, Нұр-Сұлтан қаласында — 61, Қостанай облысында — 50, Батыс Қазақстан облысында — 39, Алматы облысында — 38, Қарағанды облысында — 35, Атырау облысында — 27, Солтүстік Қазақстан облысында — 24, Шығыс Қазақстан облысында — 18, Жамбыл облысында — 17, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстарында әрқайсысында 3 адамнан коронавирус анықталған.

2020 жылдың наурыз айынан бері 219 325 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 2 819-ы қайтыс болған. Коронавирус анықталған, бірақ арнайы комиссия «Covid-тен емес, басқа аурудан қайтыс болды» делінген жүздеген адам өлімі бұл статистикаға енгізілмеген. Статистикада «коронавирусқа ұқсас пневмониядан» қайтыс болғандар да көрсетілмеген.

2020 жылдың 1 тамызынан бері елде 49 577 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 646 адам қайтыс болған. Елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар былтыр маусым мен шілде айларында да байқалғанмен оның есебі тек 1 тамыздан бастап жүргізіле бастады. Денсаулық сақтау министрлігі мұның себебін коронавирус пневмониясын жалпы пневмониядан ажырату қиындығымен түсіндірді.

Көптеген сарапшылар Қазақстанның коронавирус бойынша ресми статистикасына күмән келтіреді.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде 117,1 млн адамнан коронавирус анықталған, шамамен 2,6 млн адам қайтыс болған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM