Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда тағы да бензин қымбаттады (видео)

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда тағы да бензин қымбаттады. 30 наурызда бәсекені қорғау және дамыту агенттігі таратқан мәліметте наурыздың басындағы жағдаймен салыстырғанда бензин құнының 2-10 теңгеге өскені көрсетілген.

Дегенмен кейбір аймақтағы жүргізушілер бензин құнының кестеде көрсетілген мәліметтен әлдеқайда жоғары екенін айтып отыр. Мысалы, 30 наурызда Шымкентте 92 маркалы бензин – 160 теңге, 96 маркалысы – 178 теңге, дизельдің литрі 170 теңгеден сатылып жатты. Азаттыққа сұхбат берген жүргізушілер жанар-жағармайдың қымбаттауы халықтың қалтасына салмақ түсіріп жатқанын айтып, шағымданды.

Энергетика министрлігі сейсенбі күні таратқан хабарламасында ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің бағасын мемлекет реттемейді, баға сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалады деп жазған.

«Баға белгілеу кезіндегі негізгі факторлар — Қазақстандағы мұнай құны (ішкі бағалар), процессинг (мұнай өңдеу қызметі), салықтар мен акциздер, зертханалық сынақтар мен қоспалар бойынша шығындар, банк қарыздарына қызмет көрсету, цистерналарды беру-жинау, тауарды тасымалдау және басқа да ілеспе шығындар. Бұл ретте мұнайдың құнын айқындау кезінде мұнай өнімінің әрбір түрінің үлес салмағы есепке алынады, ол оның нарықтық құнына және мұнайдың бір тоннасынан өндіру үлесіне негізделеді. Тұтынушылар үшін түпкілікті баға мұнай өнімінің көтерме сауда құны, жанар-жағармай станциясына жеткізілгенге дейінгі барлық көлік шығындары, мұнай базаларында сақтау, бөлшек саудада өткізушінің шығындары, сондай-ақ акциздер мен салықтар негізінде қалыптасады» делінген министрлік хабарламасында.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Азаттыққа «елде мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті» екенін айтты.

– Қазіргі кезде 254 мың тонна бензин қоры бар. Бұл 25 күндік сұранысты қанағаттандыруға жетеді. Дизельдің қоры – 330 мың тонна. Ол 29 күнге жетеді, – деді ол.

Наурыз айының басында жергілікті БАҚ жанар-жағармайдың 3 теңгеге қымбаттағанын хабарлаған. Жергілікті сарапшылар халықаралық нарықтағы мұнай бағасының елдегі жанар-жағармайдың құнына тікелей әсері жоқ дейді. Кейбірі қымбатшылықты Қазақстан импорттайтын ілеспе тауарлар мен материалдардың құнының өсуімен де байланыстырады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM