Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда жүздеген адам қытай зауыттарының салынуына қарсы митингке шықты. Ұсталғандар бар (видео)

KAZAKBOL.COM

Алматыда «Демократиялық партия» құру бастамашыл тобының ұйымдастыруымен митинг өтті. Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдындағы алаңда өткен акция 2,5 сағатқа созылып, оған 300-ге жуық адам қатысты.

Жиын қатысушылары Қазақстанда Қытай зауыттарын салуға, Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым көрсетуді тоқтатуды, саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Белгіленген орын митинг басталмай тұрып-ақ қоршалып, ол жерде мобильді интернет өшірілді. Кемі жеті адам акция орнына жетпей ұсталды.

Оппозициялық топ жақтастары Алматыдан бөлек Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбе қаласында да митинг өткізбек болған. Бірақ полиция акция өтеді деген жерлерді алдын ала қоршап тастап, жергілікті азаматтық белсенділердің біршамасы ұстап әкетті, адамдардың жиналуына жол бермеді. Нұр-Сұлтанда кемі төрт адам, Ақтөбеде алты адам, Шымкентте төрт адам ұсталды. Митинг шақырылмаған Орал қаласында ұстап әкету байқалған. Жергілікті белсенділер Азаттыққа бірнеше адамның ұсталғанын, кейбірінің үйі алдында полиция көлігінің тұрғанын айтты.

27 наурыздағы митингіге Қазақстанда ресми тіркеуден өтпеген екі ұйым –»Қазақстанның демократиялық партиясының» («Демпартия») жетекшісі Жанболат Мамай мен Қазақстан соты экстремистік деп танып, Еуроодақ бейбіт ұйым деп атаған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ)қозғалысының жетекшісі, қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов шақырған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM