Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда Жоғарғы сот төрағасы ауысты

KAZAKBOL.COM

8 желтоқсанда сенаттың пленарлық отырысында депутаттар Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қызметінен босату туралы шешімді мақұлдады. Президент әкімшілігінің жетекшісі Мұрат Нұртілеу қаңтарда өкілеті аяқталатын Асановтың басқа қызметке ауысуына байланысты сондай ұсыныс жасағанын айтты.

Ол Жоғарғы сот төрағалығына Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын ұсынып, депутаттардың барлығы ұсынысты қолдады. Осылайша Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып сайланды.

59 жастағы Жақып Асанов Жоғарғы сотты шамамен бес жыл басқарған. Оған дейін бір жарым жылдан астам уақыт бас прокурор болған. Бірнеше жыл бұрын әріптестеріне үндеу жасап, хат жолдаумен көзге түскен Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов 2018 жылы «Сот төрелігінің жеті түйіні» деп аталатын бағдарлама ұсынған.

Ол Жоғарғы сотты басқарып тұрған тұста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген келген азаматтар Астанада сот шешімдеріне наразылық білдіріп, онымен кездесуді талап еткен. Наразылардың көбі Жоғарғы сот төрағасымен кездесе алмағанын айтты.

50 жастағы Асламбек Мерғалиев 2020 жылдың желтоқсан айынан бері Ақтөбе облыстық сотын басқарған. 2015-2020 жылдары Қостанай облыстық сотына жетекшілік еткен. Әр жылдары Павлодар облысының соттарында судья болған. 1999 жылы Стамбул мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Қазақстанда сот тәуелсіздігінің жоқтығы жиі айтылады. Елде судьяларды президент тағайындап, қызметінен босатады. Құқық қорғаушылар мұның сот тәуелсіздігіне теріс әсер ететінін айтып, сынға алған. Адвокаттар мен құқық қорғаушылар судьяларды сайлау қажеттігін талап етеді. Алайда билік тарабынан мұндай реформаны жүзеге асыруға деген ықылас байқалмады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM