Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады


Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әскери қызметші аруларды, азаматтық персоналды, ардагер әскери қызметші әйелдерді және әскери қызметшілердің аяулы жарларын келе жатқан мерекемен құттықтады.

– Жаны нәзік болса да, күш-жігері мықты әскери қызметші қыздар қызметтік міндеттерін орасан зор жауапкершілікпен атқарады. Әйел заты бар ұжымда әрқашан ұйымшылдық, өзара құрмет, ілтипат ұялаған, – деп атап өтті ол өзінің құттықтауында.

Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Қорғаныс министрі әскери қызметшілердің аяулы жарларына да ризашылығын білдірді.

– Біз, ер-азаматтар, отбасының ұйытқысы болғаныңыз, мейірімділігіңіз бен қамқорлығыңыз үшін сіздерге қарыздармыз. Әйел затына тән қасиеттер ер-азаматтың күш-жігерін арттырып, кез келген қиындықты жеңуде қуат береді, өмірімізді жарқын әрі шуақты етеді, – деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Қорғаныс ведомствосының басшысы әйел даналығы мен қамқорлығы, еңбекқорлығы мен кез келген қиындыққа төзе білу қасиеті Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту ісінде маңызды фактор болып табылатынын атап өте отырып, Отан алдындағы қасиетті борышын адал өткеріп жүрген Отан қорғаушыларымыздың аналарына да шын жүректен ризашылық сөздерін жеткізді.

Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгінгі күні әйелдер Қарулы Күштердің барлық саласында аянбай қызмет етуде. Олар ер-азамат меңгерген барлаушы, десантшы, мерген, әскери ұшқыш мамандығын біліктілікпен атқаруда

Қазақстанның Қарулы Күштерінде жеті мыңнан астам әскери қызметші ару қызмет өткеруде. Олардың 913-і офицер, ал 20-сы полковник. Төрт әскери қызметші әйел штабтық офицерлер мен әскери байқаушылар ретінде БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы және Ливандағы миссияларына қатысты. Шамамен бес мың әйел азаматтық персонал ретінде жұмыс істейді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM