Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз үкіметі әзірге Қытай қарызынан құтылу үшін Жетим-Тоо кенішін сатуды қарастырмайтынын мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның вице-премьер-министрі Мақсат Мамытканов 8 қаңтарда өткізген брифинг кезінде үкімет Қытайға қарызын Жетим-Тоо кенішін беру арқылы қарастырмайды деп мәлімдеді.

«Алдымен ол жерге геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, қордың мөлшерін есептеу керек. Теориялық жағынан сыртқы қарызды жабу үшін кенішті сатуға болады. Бірақ ең дұрысы қорда қанша мөлшерде кен бар, соны анықтап алғанымыз дұрыс», — деді Мамытканов.

Ол кенді іске қосу үшін, алдымен инфрақұрылымды іске қосып, жол салып, электр энергиясын жүргізуіміз керек деп атап өтті.

Садыр Жапаровтың Қытайға қарызды Жетим-Тоо кенішін сату арқылы өтейміз деген сөздеріне Мамытканов «бұл оның жеке пікірі, үкімет барлық тарапты тыңдайды, бір пікірге байланып қалмайды» деп жауап берді.

Нарын облысындағы Жетим-Тоо кенішін өндіру былтыр билік ауысқан қазан оқиғасынан кейін енді талқыланып жатыр.

Жетим-Тоо кеніші 1956 жылы ашылған. Бұл өңір Қытай шекарасына жақын орналасқан.

Кеніште 15,4-46,3% темір бар. Бірқатар мамандар онда алтын мен басқа да бағалы тастар бар дейді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM