Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз президенті үкімет басшысын қызметінен кетіріп, оның орнына Ақылбек Жапаровты тағайындады


Қырғыз президенті Ақылбек Жапаровты министрлер кабинеті басшысының міндетін атқарушы әрі президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады.

Осының алдында президент Садыр Жапаров министрлер кабинетін отставкаға жіберген. Бірақ олар үкіметтің жаңа құрамы құрылғанша, уақытша жұмысын жалғастыра береді.

Қырғыз президентінің өзі бұл тағайындаудың себебін әлеуметтік желі арқылы былай деп түсіндіреді:

«Бұл өзгерістердің себебі туралы сұрақтар қойылып жатыр. Әр мемлекеттің басты мақсаты – қазынаны толтыру. Қазына толса, елдің жағдайы жақсарады, айлық көбейеді, инфрақұрылым жақсарады. Сонда ғана күшті мемлекет бола аламыз. Ақылбек Жапаровпен сөйлестім. Ол биыл бюджетті 280 миллиард соммен жауып, келер жылы 400 миллиард сомға көтерем деп сөз берді. Егер мұны атқармаса, шара қолданам. Жапаровтың әрбір қадамы менің бақылауымда болады».

57 жастағы Ақылбек Жапаров екі рет қаржы және экономика министрі болған. Осыған дейін ол Жогорку Кеңешке «Бир Бол» партиясы атынан депутат болып, «Құмтөр» ісіне қатысты комиссияны басқарған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM