Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз президенті еліндегі энергетикалық дағдарысқа байланысты мәлімдеме жасады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров еліндегі электр энергиясы және көмір дағдарысына байланысты Facebook парақшасына пікірін білдірді.

Мемлекет басшысы соңғы он жылда бірдебір ГЭС салынбағанын, электр энергияның бір киловатын бес сомнан алып, халыққа 77 тиыннан сатып жатқанын, бұл жүйенің банкротқа алып келіп, бұрынғы билік 140 млрд сом қарызға батқанын жазды.

«Бұдан былай бір тиын қарыз алмаймыз. Импортты бес сомнан алуды тоқтатамыз. Біз өзіндік нарқы қанша болса, соншадан аламыз әрі өзіміз өндіреміз» деп тапсырма бергем. Қазір импорт бағасы екі сомдай болып жатыр. 140 миллиард сом қарыздан біртіндеп құтылып жатырмыз. Кіші және орта ГЭС сала бастадық. Құдай қаласа, 2024-2025 жылдарға қарай энергетикалық дағдарыстан шығамыз. Импорттаушы емес, экспорттаушы өлкеге айналамыз. Оған дейін энергетика министрі Доскул Бекмурзаевты қанша сынасаңдар да, бұл сала дағдарыстан шықпайды», — деген Жапаров.

«Солтүстік электр» кәсіпорны 1 қарашадан бастап бір фазалы абоненттер үшін 5 киловатт, үш фазалы абоненттерге 10 киловатт шектеу енгізген. Кәсіпорынның баспасөз қызметі мұндай қадам алдағы қыс мезгілінен сәтті өту үшін электр энергиясын үнемдеу мақсатында жасалынып жатқанын мәлімдеді.

Тоқтағұл су қоймасында судың көлемі жылдағыдан түсіп кеткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM