Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз президенті орыс тілі мәртебесін «саясиландырмауға» үндеді


19 ақпанда үкіметтің «Қырғызстан үні» газеті президент Садыр Жапаровтың Қырғызстан мен Ресей байланысы туралы «Одақтас байланыстар» мақаласын жариялады.

Мақалада «ұзақ жылдар бойы Қырғызстан Ресеймен бірге өмір сүріп келді, ал орыс тілі ресми тіл ғана емес, елде ұлтаралық қарым-қатынас тілі» делінген.

Жапаров орыс тілі заңмен қорғалғанын, оны саясиландыруға жол бермейтінін жазған.

«Ресеймен стратегиялық әріптестік Қырғызстанның ұлттық мүддесіне сай келеді. Республиканың сыртқы саясатында әріптес байланыстарды арттыруға ерекше мән беріледі», — деп жазды Жапаров.

Қаңтар айының соңында президент Садыр Жапаровтың баспасөз қызметі мемлекет басшысы шетелге алғашқы сапарын Ресейден бастайтынын хабарлаған. Ресми сапар уақыты әзірге хабарланбады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM