Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал: белсенділер Халықаралық қылмыстық сотқа шағымданды

KAZAKBOL.COM

6 маусымда Халықаралық қылмыстық сот прокурорына арыз жолдаған белсенділер Қырғызстанның бейбіт тұрғындарына қарсы әскери қылмыс жасау оқиғасы бойынша Тәжікстан басшылығының үстінен тексеру жүргізуін сұраған.

Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне заңгер, адам құқықтарын қорғаушы Сания Токтогазиева хабарлады. «Рим мәртебсінің 15-бабына сүйене отырып, жәбірленушілер мен азаматтық қоғам атынан Халықаралық қылмыстық сот прокурорына communication (арыз) жолдадым.

Қырғызстанның бейбіт тұрғындарына қарсы әскери қылмыс жасау оқиғасы бойынша Тәжікстанның қолбасшылары мен әскери қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізуін сұрадым. Мәліметтер жинауға, үндеу жазуға көмектескендердің бәріне алғыс айтамын», – деді ол.

Сания Токтогазиева жолдаған арызға заңгерлер, адам құқықтарын қорғаушылар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қол қойды.

Еске салайық, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы әскери жанжал 28-30 сәуірде болды. Қырғыз жағынан 36 адам қаза тапты. Тәжік билігі 19 адамның мерт болғанын хабарлады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM