Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз топ-менеджері көшедегі жарықтың сөнуі туралы: Дұрыс адам кешкі онға дейін серуендейді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстандықтар электр қуаты тапшылығына түсіністікпен қарап, жарықты мейлінше үнемдеуге тырысуы керек. Мәселен, қазіргі сәтте көшедегі жарықты қосу міндетті емес, деп мәлімдеді Ұлттық қуат холдингінің басшысы Талайбек Байгазиев «Биринчи радиоға» берген сұқбатында.

«Қырғызстанда шамамен 1,5 млн абонент бар. Әр азамат бұны энергетиканың ғана емес, барша халықтың мәселесі деп ұғынуы тиіс. Біз электр қуатын үнемдеуіміз керек. Кафе-мейрамханалар кешкі бестен бастап жарықты қосады. Мәселен, саябақтарда таңға дейін жарық қосылып тұруі шарт емес. Дені дұрыс адам кешкі онға дейін серуендейді, содан кейін демалады. Кешкі сағат 10-11-де жарықты сөндіру керек», — деді ол.

29 қыркүйекте Ұлттық қуат холдингі күз-қыс маусымында кафелердің, мейрамханалардың, сауда нүктелерінің, сонымен бірге ойын-сауық орталықтарының көшелердегі жарнама жарықтарын сөндіру туралы жарлық шығарды.

Құжатқа сәйкес, аймақтарда жарлықтың орындалуы таңертең және кешке тексеріледі.

Бұның алдында премьер Ұлықбек Марипов үкіметтегілерге суды үнемдеуді тапсырған.

30 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Тоқтоғұл су қоймасында бар болғаны 12,3 млрд текше метр су жиналды. Былтыр осы уақытта қоймада 15,2 млрд текше метр су болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM