Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан қашықтан басқарылатын ұшақтарды Түркия мен Ресейден сатып алады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан Түркиядан Bayraktar ұшқышсыз ұшу аппаратын, ал Ресейден «Орлан-10Е» кешенін сатып алады. Бұл туралы 21 қазанда журналистерге Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев мәлімдеді.

«Біз бұл техниканы бюджет қаражатына сатып аламыз. Жақында Түркиядан «Байрактар» жеткізіледі, мұндай қару әлемнің бес елінде ғана бар, солардың бірі біз боламыз. Мамандарымыз сол елде ұшқышсыз ұшақтарды басқаруды үйреніп жүр. Ресейден «Орлан-10Е» ұшқышсыз ұшағын сатып аламыз. Оған да бюджеттен қаржы бөлінген», — деді Ташиев.

Арнайы қызмет басшысы нақты қанша ұшақ сатып алынғанын, оларға қанша қаражат бөлінгенін айтпады.

Bayraktar — түріктің шұғыл тактика қолдануға, соққы беруге ыңғайлы ұшқышсыз ұшу аппараты. Ал «Орлан-10Е» кешені жер мен су бетін әуеден ұзақ уақыт бақылауға арналған.

Биыл маусым айында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Анкараға сапарынан соң Түркия Қырғызстанға әскери-техникалық көмек беретінін мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM