Әлемдегі әйелдердің қауіпсіздігі және бақуаттығы бойынша ғаламдық индексте (WPS) Қырғызстан әйелдер үшін Орталық Азиядағы ең қауіпті өлке деп танылды.
Әлемдегі әйелдердің қауіпсіздігі және бақуаттығы бойынша ғаламдық индексте Қырғызстан 97-орынға түсті. Әйелдер үшін өте қауіпті өлкелер қатарында Ауғанстан, Сирия, Йемен, Пәкістан және Ирак бар.
Финляндия, Норвегия, Дания мен Люксембург әйелдер үшін ең қауіпсіз өлкелер деп табылған.
Аталған индекске 170 өлкедегі әйелдердің ахуалы қамтылған. Бұл зерттеулер Норвегияның сыртқы істер министрлігінің қолдауы мен Джорджтаун институтының Гендерлік мәселелер, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы жүзеге асырған.
Әйелдер құқығы бойынша подкаст авторы, феминист Бегаим Замирбекова аталған зерттеумен танысып шыққанын айтты:
«Карантин кезінде зорлық-зомбылықтың күшейгенін айтпасақ та белгілі. Біздің елдің көрсеткіші жоғары болатыны себебі, статистика ашық. Ал Түркіменстанда жағдай біздікідей ашық емес. Екіншіден, Айзада, Бурулайдың оқиғасындағы жазасыздық да себеп болды. Біздің елде басқа өлкелер секілді жабық болмай, ашық айтылып жатқаны жақсы. Бірақ зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің ақсап жатқаны жақсы емес».
Қырғызстанда жыл басынан бері отбасындағы зорлық-зомбылықтан қайтыс болған бірнеше жағдай тіркелді. 2020 жылы 21 әйел қайтыс болған.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 23 қазанда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде гендерлік теңдік бұзылып жатыр деген пікірге келіспейтінін жеткізген.
«Гендерлік теңдік бойынша Қырғызстанда қауіп бар дегеннен құдай сақтасын. Әйелдер емін-еркін жүреді. Қалағанын істейді, ешкім шетке қақпайды. Үкімет құрамында кемшіліктер бар, әйелдерді қызметке тағы тартамыз».
ІІМ мәліметі бойынша, жыл басынан бері 7665 отбасылық зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 30% көп.
KAZAKBOL.COM