Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан: Адахан Мадумаровтың екі әріптесі қамалды

KAZAKBOL.COM

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚМК) Жогорку Кеңештегі «Бүтін Қырғызстан» фракциясының лидері, депутат Адахан Мадумаровтың әріптестерінің қамалуы туралы пікір білдірді.

Онда «елде наразылық акцияларын және ірі толқулар, одан кейін билікті күшпен тартып алу бойынша жасырын дайындық жүргізген «Бүтіп Қырғызстан» партиясы мүшелерінің заңсыз іс-әрекеттерінің беті ашылып, бөгет қойылған. Аталған партияның З.У.А. және Т.И.М. атты белсенді жақтастары қамауға алынды», — деп жазылған.

Мекеме осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 278-бабының, 3-бөлігінің («Жаппай тәртіпсіздікке шақыру») негізінде қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

«Қозғалған қылмыстық істің аясында 6 шілдеде арнайы қызмет «Бүтін Қырғызстан» партиясының Шу облысы Сокулук, Москва аудандарында және Бішкек қаласында 10 белсенді мүшесінің тұратын жеріне тінту жүргізген. Онда партия мүшелерінің қаржы бұлақтарын көрсеткен банк карталары және реквизиттері алынды»,-делінген мәліметте.

Мұның алдында Мадумаровтың өзі жақтастарының ұсталғанына қатысты Азаттыққа пікір білдірген.

«Ол сайлау өтіп, кейін жарамсыз табылғаны қашан. Бірақ мәселе басқада. Өзінің пікірін ашық айтқан, өзінің көзқарасы бар азаматтарды қорқытып-үркітіп, қоғамды комалық жағдайға алып келді»,- деді Мадумаров.

6 шілдеде «Бүтін Қырғызстанның» бес мүшесі қамалғанын партияның мүшесі Нұрбек Кубанычбеков айтқан.

28 мамырда №26 Ленин сайлау округынан Жогорку Кеңештің депутаттығына қайта сайлау өткен. Дамира Ниязалиева мен Ұлан Сариев «сайлаушылардың дауысын сатып алды» деген күдікк ілініп, Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жарамсыз деп таныған.

Бұл сайлауға «Бүтін Қырғызстан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі, қазір Кемпірабад ісі бойынша абақтыда жатқан Ақыл Айтбаев та үміткер болып қатысқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM