Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан Ауғанстаннан 1200 босқынды қабылдай алады


Ауғанстандағы жағдайға байланысты әлі ешкім Қырғызстаннан босқын мәртебесін сұрап жатқан жоқ. Осылай деп денсаулық сақтау министрлігі жанындағы босқындармен жұмыс істеу басқармасының басшысы Жыпара Мамбетова хабарлады.

Оның сөзінше, Тәжікстанмен шекара ашылса, Қырғызстанға да Ауғанстаннан босқындар өтіп келуі мүмкін.

«Дәл қазір ешкім босқын мәртебесін сұрап жатқан жоқ. Бірақ Ауғанстаннан қашқандар бізге де өтуі мүмкін деген болжам бар. Ауғанстандық азаматтар саяси баспана сұрап, екі ай бұрын қайрылған. Қазір Ауғанстанның 73 азаматына «босқын» мәртебесі берілген, тағы 67 ауғанстандықтың өтініші қаралып жатыр», — деді ол.

Мамбетованың айтуынша, өтініш жарты жыл ішінде қаралады.

Қырғызстан 1996 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Босқындар ісі бойынша Конвенцияға мүше.

16 тамызда Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев 500 ауған студентіне виза бере аламыз деп мәлімдеген.

Соңғы мәліметке сәйкес, «Талибан» қозғалысының ресми өкілі Мухаммед Наим «Әл-Жазира» телеканалы арқылы Кабулдағы президент сарайында тұрып, «Ауғанстанда соғыс бітті» деп жариялады. АҚШ бастаған Батыс өлкелері Кабулдағы дипломаттарын эвакуациялап жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM