Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы арасында тағы жанжал болды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы аймағындағы елді мекенде тағы жанжал орын алды. Бұл бойынша келіссөз 19 сәуірде жалғаспақ деп хабарлайды Азаттықтың қырғыз қызметі.

Белгілі болғандай, жанжал Тәжікстанның Соғды облысы Хожа Ало ауылы тұрғындары мен Қырғызстанның Баткен облысы су каналы қызметкерлері арасында болған.

«Баткен облысы су каналы қызметкерлері «Головной» деп аталатын су каналын тазартпақ болған кезде, Хожа Ало ауылының 50 шақты тұрғыны келіп, бұл жерде жұмыс екі тарап өкілдерінің қатысуымен жүруі тиіс екенін айтып, тоқтатқан. Екі жақ сөзге келіп, тәжік тұрғындар су каналы қызметкерлеріне тас лақтырған. Зардап шеккендер жоқ. Жанжал кезінде оқ атылмады», — деп хабарлайды Қырғызстанның шекара қызметі.

Екі тараптың жергілікті өзін басқару өкілдері су каналын тазарту жұмысын уақытша тоқтату жөнінде келісімге келген.

Тәжікстан тарапы әзірге бұл оқиға жайында түсініктеме бермеді.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодаға қарағанда, дау шыққан аймақ әлі белгіленбеген, демаркация жүргізілмеген.

Қырғызстандық БАҚ оқиға орнына Баткен және Исфара ауданы басшыларының барғанын айтады.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасында шекара қашықтығы 970 шақырым. Оның 519 шақырымы белгіленген, қалған жер әлі даулы күйінде қалып тұр. Даулы аймақтың тұрғындары арасында жанжал жиі болып тұрады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM