Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан мен Тәжікстанның азаматтық қоғам өкілдері шекарадағы жанжалды реттеуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан мен Тәжікстанның азаматтық қоғам өкілдері екі күн бойы онлайн-форматта кездесу өткізіп, нәтижесінде екі ел басшылары мен азаматтарына үндеу жариялады.

Онда шекарадағы жанжалды реттеу үшін екі елдің азаматтық қоғам өкілдері біріккені айтылады.

«Біз Орталық Азияның жарқын болашағы үшін көп ғасырлар бойы екі ел халқының мызғымас достығын негізге ала отырып, екі мемлекеттің басшыларын қару қолдануды тез арада тоқтатуға шақырамыз. Соғды және Баткен облыстарындағы жанжал дипломатиялық жолмен, конструктивті келіссөз арқылы жүзеге асуы тиіс. Келіссөз процесіне біз қатысуға дайынбыз», — делінген үндеуде.

Мұндай бөлек азаматтық қоғам өкілдері жалған ақпарат таратушыларды, екі ел халқының достығын араздастыруға негізделген үндеулерді айыптады.

28-29 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында әскери қақтығыс орын алды. Қырғызстанның 34 азаматы қайтыс болды, 20 мыңнан адам эвакуацияланды. Тәжікстан билігі 16 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

1 мамырда Баткен облысында екі елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылары шекараны белгілеу жөнінде кездесу өткізіп, оқ атуды тоқтату жөнінде келісімге келді.

2 мамырда шекарада жағдай тыныш болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM