Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан памир қырғыздарына гуманитарлық жүк жеткізді

KAZAKBOL.COM

Ауғанстанның Үлкен және Кіші Памир аумағында тұратын этникалық қырғыздарға гуманитарлық жүк жетті. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәліметке қарағанда, памир қырғыздары қысқы азық-түлікпен қамтамасыз етілді – ұн, күріг, макарон, өсімдік майы және қант жеткізілді.

Гуманитарлық жүк этникалық қырғыздарға үлестірілген.

Памир қырғыздары — Ауғанстанға 1575-1930 жылдар аралығында Ауғанстанға қоныс аударып, сол жерді мекендеп қалған қырғыздар ұрпағы. Олар Үлкен және Кіші Памир аумағында қиын жағдайда өмір сүреді. Мұнда білім беру, денсаулық сақтау жүйесі жоқ. 2003 жылы мұндағы халық саны 5 мыңға жуық адам болған, бірақ қазір шамамен 1,5-2 мың ғана қалды.

2019 жылдың аяғында Қырғызстандағы Сары-Моғол ауылына 11 памир отбасы көшіп келді. 2017 жылы Нарынға 50 адам келді. Олар жатахқаналарға орналастырылды. Кейін олардың бірқатары Ауғанстанға оралып, қайтып келмеген. Биыл президент Садыр Жапаров Ауғанстанда қалған этникалық қырғыздарды елге қайтарғысы келетінін мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM