Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан президенті елдің барлық аймағында ойын аймақтарын ашуды ұсынады


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ыстықкөл облысында ойын аймағын ашу идеясын қолдады. Бұған қоса, мемлекет басшысы мұндай аймақтарды облыс орталықтары мен Бішкекте де ашу керек деп есептейді.

«Мен президент аппаратына елдің барлық аймақтарында және Бішкекте ойын аймақтарын ашу идеясын Жогорку Кенешке ұсынуды тапсырдым. Казино 2015 жылға дейін жұмыс істеді. Оған кез келген адам кіре алатын. Балалар күні-түні содан шықпайтын. Мен казиноларға Қырғызстан азаматтарына кіруге тыйым салуды ұсынамын. Ол шетел азаматтары үшін ашылады», — деді 26 сәуірде «Пирамида» телеарнасына сұқбат берген Жапаров.

Қырғызстанда казиноға 2012 жылы тыйым салынды. 2015 жылы тоталилаторлар мен букмекер кеңселері жабылды.

2021 жылғы 21 сәуірде Жогорку Кенеш депутаттары Ыстықкөл облысы аумағында казино ашу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, «Тамчи» әуежайының базасында казино мен қонақ үйлер салуға 1200 гектар жер бөлінеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM