Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиев жер алмасуға наразы болған тұрғындардың талабынан кейін Ташкентке тағы бір барып келетінін жеткізді.
Ол 19 сәуірде «Кемпир-Абадтың» жанынан 50 гектар жерді Өзбекстанға беруге қарсы болған тұрғындармен кездескен.
«Олар (Өзбекстан — ред.) 20 гектар жерді алмасуға дайын деп айтайын. Елу емес, жиырма гектарды. Жарайды ма? Қоршалған 20 гектар жерді ала берсін»,- деді Ташиев.
Осының алдында Өзбекстанмен жер алмасуға байланысты протоколды Қырғызстан үшін ең тиімді келісім деп атап, бұған дейінгі жер таластарға нүкте қойылады деген.
Жергілікті тұрғындар «Кемпир-Абад» жанындағы 50 гектар жердің Өзбекстанға берілуіне қарсы болған тұрғындар 17 сәуірден бастап мерзімсіз акция бастаған.
ҰҚМК жетекшісі Камчыбек Ташиев 30 наурызда Өзгөн ауданында тұрғындармен кездесу кезінде «Кемпир-Абад» су қоймасының жанынан 50 гектар жер Өзбекстанға берілгенін, оның орнына Қырғызстан басқа аймақтан жер алғанын жеткізген.
18 сәуірде Мәскеудегі қырғызстандық мигранттар да билік шешіміне қарсылық білдірген.
Жер алмасу әрекеті биыл 24-25 наурызда Ташкентте шекараны делимитациялау және демаркациялау бойынша өткен қырғыз-өзбек үкіметаралық комиссия отырысынан кейін мәлім болды.
KAZAKBOL.COM