Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жапония премьер-министрі ұлын қызметінен алды

KAZAKBOL.COM

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида үлкен ұлы Сётароны резиденцияда кеш өткізгенін білгеннен кейін, саяси мәселелер жөніндегі хатшысы қызметінен алды.

«Сюкан бунсюн» басылымы резиденцияда атап өткен жаңажылдық кештің суретін жариялаған. Суретте 32 жастағы Сётаро Кисида мен оның туыстары баспасөз мәслихаты өтетін жерде көңіл көтеріп тұрғаны көрінеді.

«Оның бұл әрекеті мемлекеттік қызметке сәйкес келмейді. Мен оны қателігін түсіну үшін қызметінен алуды шештім», — деді Кисида. Ұлының орнына өзінің бұрынғы көмекшісі Такаёси Ямамотоны тағайындады.

Сётаро Кисида былтыр қазан айынан бері премьер-министрдің жеке хатшысы қызметіне келген. Болашақ мұрагерін дайындау барысында отбасы мүшесін лауазымды қызметке тағайындау, бұл жапон саясатында бар.

Сётаро қаңтар айында да қызметін асыра пайдаланды деген сынға ұшыраған. Ол Лондон және Парижге барған сапары кезінде елшілік көлігін саяхатқа пайдаланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM