Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстандағы ауғандар босқын мәртебесін беруді сұрайды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанда тұрып жатқан Ауғанстан азаматтары 18 тамызда Бішкекте Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының алдында пикетке шықты.

Олар 20 жылдан астам қырғыз елінде тұрып жатса да босқын мәртебесін ала алмай жүргеніне шағымданды. Ауғанстандағы жағдайдан кейін Қырғызстан билігінен саяси баспана беруін, болмаса АҚШ немесе Канадаға жіберуін сұрайды.

Акцияға қатысушылардың бірі Қырғызстанға 22 жыл бұрын келгенін, содан бері босқын мәртебесін ала алмай жүргенін айтады.

Акцияға шыққандар наразылық шарасын Қырғызстандағы АҚШ елшілігі алдында жалғастырды.

Осының алдында босқындар ісі жөніндегі басқарма басшысы Жыпара Мамбетова Қырғызстан 1200 памир қырғыздарын қабылдауға дайын деп мәлімдеген.

Қырғызстан 1996 жылы БҰҰ-ның босқындар мәртебесі жөніндегі Конвенцияға қол қойған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM