Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстандағы Имшамберді алтын кенінің жұмысшылары ереуілге шықты

KAZAKBOL.COM

Қырғызстандағы Иштамберді алтын кеніндегі жұмысшылар 30 сәуірден бастап ереуілдеп жатыр.

Бұл туралы 4 мамырда Қырғызстан тау-кен кәсіподағының төрағасы Эльдар Тәжібаев хабарлады.

Оның айтуынша, алтын кенін өндіретін «Фулл Голд Майнинг» компаниясы жалақыны көтеруді бас тартқан соң жұмысшылар ереуілге шыққан.

Кәсіпорын қызметкерлері айлықты 50 пайызға көтеруді, сапалы тамақ беруді, сонымен бірге істен шыққан жұмыс техникасының ақысын айлықтан ұстап қалуды доғаруды талап етті.

«Әкімшілік айлықты 10 пайызға көтеруді ұсынды, бірақ кеншілер оған келіспей отыр. Жақында бюджет қызметкерлерінің айлығы көтерілген. Ал ауыр жұмыс істейтін кеншілердың айлығы одан әлдеқайда төмен», — дейді Тәжібаев.

Мәліметтерге қарағанда, 1 мамырдағы келіссөздерден соң кәсіпорын қызметкерлерінің кейбірі жұмысқа шыққан, алайда 300-ден астам адам ереуілді доғармады.

«Фулл Голд Майнинг» компаниясы әзірге кәсіпорындағы жағдайға қатысты мәлімет бермеді.

2018 жылы компания басшылығы жаңа жұмыс талаптарына келіспеген 370 адамды жұмыстан шығарған. Келіссөздерден соң тараптар ортақ шешімге келіп, компания еңбек келісім-шарттарын созған.

«Фулл Голд Майнинг» Иштамберді кенін 2011 жылдан бері өндіріп келеді. Кенде 80 тоннаға жуық алтын қоры бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM